Көшім Әсима Ғалымжанқызы, география ғылымының докторы, профессор. 1976-1981 жж. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ң (қазіргі атауы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) география факультетінің геоморфология кафедрасында мәманданды. 1982 - 1990 жж.- «Казгидрогелогия» ӨБ-де жұмыс істеді. 1990-1993 жж. ҚаҰУ -ң Геоморфология кафедрасының аспиранты. 1993-1999 жж. Алматы қаласы, 129 орта мектепте география пәнінің оқытушысы. 1997 ж. "Ембімаңы мұнайлы ауданындағы қазіргі бедер құраушы процестер және экология сұрақтары" атты тақырыпта кандидаттық диссертацияны қорғады (ҚР, Бишкек қ.) 1999 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық география, кейін картография және геоинформатика кафедрасының оқытушысы. 2011 жылы «25.00.36 - Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы бойынша «Современный экзоморфогенез в нефтедобывающих районах Западного Казахстана» атты тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады. Негізгі ғылыми зерттеу бағыты – экологиялық геоморфология, ара қашықтықтан зерделеу (АҚЗ), геоақпараттық жүйелер(ГАЖ),геоэкологиялық картографиялау. Ғылыми бағыт бойынша 250-н астам ,20-н астам оқу-әдістемелік құралдары және 5 монография жарияланған. Хирша индексі -6. 2005-2010 жылдары факультеттің Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы, диссертациялық кеңестің хатшысы. 2012-2014 жж. ҚР БҒМ қаржыландырған "Батыс Қазақстан мұнай өндіруші аймақтарындағы бедер түзуші үрдістер" атты гранттық жобаның жетекшісі. 2019 жылы Scopus базасында жарияланған қазақстандық ең үздік мақаласы үшін ELSEVIER компаниясының Құрметті наградасымен марапталды. 2020 ж. "Құрметті картограф" атағына ие болды. 2009 жылы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік оқытушы» атағына ие болды. 2020 ж. профессор атағы берілді. 2019 ж. бастап үш деңгейдегі 3 оқу білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі:"Табиғи- техногендік қауіпті-қатерлер" (бакалавр, магистратура, докторантура). 2020-2021 о/ж. Факультеттің әдістемелік төрайымы. 2022 ж. бастап факультеттің білім беру және оқыту сапасы бойынша Академиялық комитеттің төрайымы. 2023 ж. "Еңбек ерені" медалімен марапатталды. 2023 ж. ҚР ҒЖБМ 203 жылдың "ЖОО Үздік оқытушысы". 2024 ж. "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төс белгісімен марапатталды Қазіргі кезде картография және геоинформатика кафедрасының профессоры.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1981 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
18.12.1998 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
27.06.2007 |
профессор |
16.11.2020 |
17
құжаттар
6